20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮй шаруашылығында қолданылатын барлық жарықтандыру шамдарының 65,8%-ы энергия үнемдейтін жарықдиодты және люминесцентті шамдар, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстандағы үй шаруашылықтарында отын мен энергияны тұтыну бойынша жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
Халықтың 28,9% қыздыру шамдарын пайдаланады. Айта кету керек, олардың ауылды жерлерде пайдалану үлесі қалалық жерлерге қарағанда басым – тиісінше 42,8% және 22,9%.
Халықтың тағы 5,2 пайызы күнделікті өмірде галогендік шамдарды пайдаланады.
Қалада да, ауылдық жерлерде де шамдардың ең көп таралған түрі жарықдиодты шамдар, барлық қолданылатын шамдағы олардың үлесі сәйкесінше 68,7% және 56,4%.
2022 жылы үй шаруашылықтарының электр энергиясын тұтынуы 14 328,2 ГВт.сағат құрады. Электр энергиясын тұтынудың басым бөлігі (66,3%) қалалық жерлерде – 9 500,8 ГВт/сағ, ауылдық жерлерде – 4827,4 ГВт/сағ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?