Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев қордың басым бағыттарын айқындап, қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қор қызметінің басым бағыттары – қазақстандықтарға денсаулық сақтау, әлеуметтік салада, білім беру, мәдениет және спорт салаларында көмек көрсету. Сондай-ақ төтенше жағдайларда зардап шеккен азаматтарға қол ұшын созу.
Оқи отырыңыз:
Болат Жәмішевтің сөзінше, қор бағдарламалары еліміздің барлық 20 өңірінде іске асырылады және ауылдық елді-мекендер мен шағын қалаларға баса назар аударылады.
2022 жылы біз қайырымдылық бойынша үлкен ұлттық конференция өткіздік. 43-Zoom конференциясына 1173 үкіметтік емес ұйым қатысты. Олар қордың жұмысы үшін қандай бағыттар ең өзекті болатынын айқындады. Қор өзінің қызмет ету мерзімінде жалпы сомасы 177 миллиард теңгеге іске асыруға жоспарланған 67 қайырымдылық бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы болды», - деді Болат Бидахметұлы.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасының айтуынша, қордың ресурстары қайырымдылық жарналары есебінен қалыптастырылды.
Қазіргі уақытта қорға 196,6 миллиард теңге түсті, оның ішінде екі жылда жалпы сомасы 90,9 миллиард теңгеге көмек көрсетті. Негізгі сома қазақстандық кәсіпорындардан түсті. Сонымен қатар жеке тұлғалар да қаржы аударады, - деді ол.
Ал денсаулық сақтау саласы бойынша бүгінде жалпы сомасы 103,3 миллиард теңгеге 12 қайырымдылық бағдарлама мен жоба жүзеге асырылып жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады