Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазақстан халқына» қоры балалар нейрохирургиясын дамытуға қаржы бөлді. Бұл туралы ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қоры құрылды. Қор қызметі бағыттарының бірі - өңірлерді маңызды функционалдық жабдықтармен қамтуға және материалдық-техникалық жарақтандыруға көмектесу, - деді Серік Ақшолақов елордада өтіп жатқан нейрохирургтардың V конгресінде.
Оның айтуынша, қор орталыққа 15 млрд теңге бөлген.
Қор өңірлердің балалар нейрохирургиясы бөлімшелерін қажетті аппаратурамен және құралдармен жарақтандыру бойынша қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл мәселе қазірдің өзінде шешіліп, іске асыру сатысында. Осы сәтті пайдалана отырып қор басшылығына алғыс айтамын, - дейді орталық басшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?