Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына даярлық аясында Иран құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матч 4:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Ал Қазақстан сапынан Джахангир Рашит, Дуглас, Ақжол Дәрібай мен Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты.
Естеріңізде болса, бұған дейін отандық футзалшылар Тәжікстан құрамасынан 3:0 және 4:3 есебімен екі рет басым түскен.
1 қыркүйекте Қазақстан Иранды Астанада қабылдайды. 8 қыркүйекте Аргентинамен (2016 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі) Алматыда жолдастық кездесу өткізеді.
Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындары 10 қыркүйекке дейін жалғасады. 15 қыркүйекте Өзбекстанда әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Испаниямен өткізеді. Бұдан бөлек топта Ливия және Жаңа Зеландия бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді