Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікФутзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ташкентте өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Рикардо Кака жаттықтыратын құрама 1/8 финалда әлем чемпиондары Португалияны 2:1 есебімен жеңді.
Матчта есепті бірінші таймда Шыңғыс Есенаманов ашқан. Ал екінші кезеңде Португалия айып соққысынан кейін таразы басын теңестірді. Дегенмен соңғы секундтарда Дәурен Тұрсағұлов ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 2:1. Қазақстан ширек финалға шықты.
Келесі кезеңде Қазақстан құрамасы Аргентина мен Хорватия арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Португалиямен бұған дейін 2000 жылы әлем чемпионатының бірінші кезеңінде 2:6 есебімен жол бергенбіз. Ал 2021 жылы жартылай финалда ел құрамасы олармен негізгі және қосымша кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:5 есебімен ұтылды. Тек 2015 жылы ғана 3:1 есебімен басым түскен едік.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер