Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКездесулер Тирана мен Алматыда өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Албания және Арменияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.
ҚФФ мәліметінше, тізімге 17 ойыншы енді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Нарун Серіков («Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);
Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангір Рашит, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай (барлығы – «Қайрат»), Дуглас («Әл-Ула», Сауд Арабиясы), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай, Әбдірәсіл Абдуманапұлы, Ержан Карменов (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Нұрмұхаммед Исмаилов (екеуі де – «Аят»), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Нұрқанат Бақтияров («Жетісу»).
Естеріңізге сала кетейік, 13 желтоқсанда Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Тиранада Албаниямен ойнаса, 18 желтоқсан күні Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Армения құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?