23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Астана Арена» стадионында 7 қыркүйек күні ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты астаналықтар көлік кептелісін болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
ЕУРО-2024 іріктеу турнирі 7 қыркүйек, яғни бейсенбі күні сағат 20:00-де өтеді. Бұл құрама командамыздың ЕУРО-2024 чемпионатына шығу үшін шешуші кездесулердің бірі. Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық билет сатылып кетті. Стадион лық толы болады деп күтіліп отыр.
Ойын «Астана Арена» стадионында өтетіндіктен, Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік нөіпір шамадан тыс көп болуы мүмкін.
Көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілер жүрер жолын алдын ала жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп сақталуы керек.
Айта кетейік, 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Астанада Қазақстан құрамасы Ирландия құрамасымен ойнайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады