19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Спорт-Экспресс» сайтына берген сұхбатында отставкаға кету туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
- Егер Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына өте алмаса, отставкаға кетесіз бе? Қазір осы сауал көптеген жанкүйерді қызықтырады.
- Нәтиже үшін мен жауаптымын. Егер бапкер командамен жұмысты жалғастырғысы келсе, ол тиісті нәтиже көрсетуі қажет. Мен жауапкершіліктен ешқашан қашқан емеспін және өзімді ақтау үшін кінәні біреуге артып қоймаймын. Шыға алмасақ – кінә менен.
- Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке шықса, не істейсіз?
Әзірге бұл туралы ештеңе ойлаған жоқпын. Шықсақ, жанкүйерлер не сұраса, сол тілекті орындаймын.
- Астана орталығында биле десе ше?
- Бір рет билегенмін. Өзіңіз де мен қайда, би қайда екенін көрген шығарсыз. Осындай көркем бидің тас-талқан еткіңіз келе ме?
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары