Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПремьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы – Солтүстік Македония сыртқы істер министрі Буяр Османимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сұхбаттастар 2023 жылғы 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында Скопьеде өткізуге жоспарланып отырған ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысына дайындық барысын талқылады. Мұрат Нұртілеу қазақстандық делегацияның алдағы іс-шараға қатысуға дайындығын растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ұйым кеңістігіндегі маңызды келіссөздер алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ рөлін нығайту бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар