Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСоңғы бір жарым жылдың ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Біздің мақсатымыз қарапайым және айқын — емхананы әр адамға барынша жақын әрі қолжетімді ету.
Скринингтік бағдарламалар кеңейтілді:
• қатысушылардың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды — қосымша шамамен 1 млн адам қамтылды;
• жоғары сезімталдықтағы тестілер енгізілді — созылмалы ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 1,5–2 есеге артты;
• ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтау үшін 50–76 жас аралығындағы ер адамдарға арналған жаңа скрининг енгізілді;
• онкоскринингтер ТМККК пакетіне енгізілді — енді олар 300 мың сақтандырылмаған азаматқа да қолжетімді.
Біз пациенттің жолы жеңілдетудеміз. Учаскелік дәрігерлердің жұмыс күні 8 сағатқа дейін ұзартылды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға бөлінген. Бұл азаматтардың дәрігерге қолжетімділігін арттырып, мамандарға кезекті қысқартуға мүмкіндік берді.
Цифрлық шешімдердің арқасында жалпы практика дәрігерлеріне қолжетімділік 3,5 есеге, бейінді мамандарға — 15 есеге артты.
Тиімді өндіріс қағидаты енгізілді — қағазбастылық азайды, пациентке бөлінетін уақыт артты.
Дәрігердің кейбір функциялары мейіргерлерге берілді, соның нәтижесінде халықты алғашқы көмекпен қамту деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін өсті.
МСАК мамандарын ынталандыру шаралары күшейтілді:
• онкологиялық аурулар мен туберкулезді ерте анықтағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі бонустар;
• ынталандырушы компонент көлемі 2 есеге артты;
• сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін тоқсанына 2 млн теңгеге дейін төлем қарастырылған.
МСАК-ты трансформациялау шеңберінде ел бойынша 687 медициналық ұйымның басшылары мен мыңдаған мамандар:
787 жалпы практика дәрігері, 978 мейіргер, 279 колледж оқытушысы және 697 жоғары оқу орнының оқытушысы оқытудан өтті.
Ерекше назар — ана мен бала денсаулығын сақтауға аударылған.
Соңғы бір жылдың ішінде:
• нәресте өлімі 15%-ға;
• бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді;
• үй жағдайындағы нәресте өлімі 22%-ға азайды.
«Салауатты Ана» пансионаттары, жүкті әйелдерді бақылауға арналған 20 жағдайлық орталық және 100 ерте араласу орталығы ашылуда.
Емханаларда жаңа педиатриялық бөлімшелер іске қосылуда.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін пациентке, профилактикаға және барлығына тең қолжетімділікке айналдыруға бағытталған заманауи ету мақсатын қойған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?