7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?2026 жылдың II тоқсанында жүргізілген халықты жұмыспен қамту бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 7,3 млн адам жалдамалы жұмыс істесе, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында.
Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі сауда саласына тиесілі – 16,8%. Одан кейін білім беру – 13,3%, өнеркәсіп – 12,4%, ауыл шаруашылығы – 10,5%, көлік және қоймалау – 7,1%, құрылыс – 6,8%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,6% салалары орналасқан.
2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бірқатар салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артты. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркелді – 37 мың адам. Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 31,1 мың адамға, денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамға өсті.
Сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 15,1 мың адамға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 7,7 мың адамға, қаржы және сақтандыру қызметінде 7,4 мың адамға артты.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?