30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан құрамасы Эквадорда өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Жекелей сын қорытындысы бойынша қазақстандық жас дзюдошылар 3 алтын, 3 күміс және 4 қола — барлығы 10 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық медаль есебінде екінші орынға тұрақтады.
Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді +90 келі салмақта сынға түскен Әділжан Жаудинов салды. Ол финалда ресейлік Абдулманаф Рамазановпен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласын иппон әдісімен жеңді.
17 жастағы Теміртау өкілі жарысты екінші айналымнан бастады. Алдымен жапониялық Кога Терукидән басым түскен Жаудинов ширек финалда бразилиялық Жозе Паулу Перейраны жеңді. Жартылай финалда франциялық Азриэль Декенн Диффоны жарыс жолынан шығарып, шешуші белдесуге жолдама алды.
Әділжан Жаудинов бұған дейін де халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген. Ол 2024 жылы кадеттер арасындағы Азия чемпионатының финалисі атанса, 2025 жылы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін және жасөспірімдер Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленген. Енді оның жетістіктер қатарына 2026 жылғы әлем чемпионы атағы қосылды.
Қазақстан құрамасының жүлдегерлері
Алтын медаль:
Күміс медаль:
Қола медаль:
Бір чемпионаттағы бірнеше тарихи рекорд
Эквадордағы әлем чемпионаты Қазақстан дзюдосының тарихына бірден бірнеше айтулы жетістікпен енді.
Фатима Супығалиева Қазақстан тарихында қыздар арасында әлем чемпионы атанған алғашқы дзюдошы болды.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атағы екінші жыл қатарынан Қазақстанда қалды. 2025 жылы бұл салмақта Ернұр Батырғали топ жарса, биыл Ғабит Расулхан алтыннан алқа тақты. Айта кетейік, дәл осы салмақта Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.
Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы бір әлем чемпионатында алғаш рет үш алтын медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар 10 жүлде – Қазақстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы рекордтық көрсеткіші. Бұған дейін еліміздің кадеттер, жастар немесе ересектер құрамасы бір әлем біріншілігінде мұнша көп медаль иеленбеген.
Тағы бір ерекше көрсеткіш – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны әлем чемпионатында үш күн қатарынан шырқалды.
Жекелей сыннан кейін медаль кестесінің үздік үштігі мынадай:
23 тамызда Эквадордағы әлем чемпионаты аралас командалар арасындағы бәсекемен жалғасады. Дүбірлі додаға 59 елден 457 жас дзюдошы қатысып жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды