Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан дзюдошылары бүгін ANTALYA GRAND SLAM 2024 турнирінің соңғы жарыс күнінде татамиге шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі сында ерлер 90, -100, +100 келіде күрессе, әйелдер -78, +78 келіде күресіп жатыр. Олардың қатарында 90 келіде Әнуарбек Ермахан бірінші белдесуінде испаниялық Даниэль Ниэтомен күресте есе жіберді. Ал -100 келіде Шархан Нұрлыхан бірінші айналымда даниялық Мациас Маценге жол берді. Ал +100 келіде Ерасыл Қажыбаев бірінші белдесуін ресейлік Евгений Ендовицскийге қарсы өткізеді. Осы салмақта тағы бір отандасымыз Ғалымжан Қырықбай Эстония дзюдошысымен шеберлік байқасады.
Ал әйелдер арасында -78 келіде Аруна Жангелдина ұлыбриталық спортшыға жол беріп, жарысты аяқтады. +78 келіде Ақерке Рамазанова бірінші белдесуін оңтүстіккореялық спортшымен күреседі. Осы салмақтағы Мадина Парағұлова өзбекстандық Рината Илматовамен сынға түседі.
Кеше осы турнирде күрескен ұлттық құрама мүшелері жүлдесіз қалды. Ал турнирдің бірінші күнінде Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанған болатын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады