Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті қазақстандық дипломат, БҰҰ жанындағы ҚР тұңғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекованың «Қазақстан дипломатиясының қыр-сыры» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сонымен қатар 10 шілдеде бұл кітаптың тұсаукесері Алматы қаласында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Достық үйінде» де өткен болатын.
Басылым автордың жеке мұрағаттық материалдарына негізделген және Қазақстанның сыртқы саясаты қалыптасуының негізгі кезеңдерін қамтиды. Халық дипломатиясының рөліне және егемен мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуына ерекше назар аударылған.
Өз сөзінде еліміздің сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдірашов бұл еңбектің қазақстандық дипломатияның қалыптасуын айғақтайтын бірегей туынды әрі тарихи жадыны сақтау ісіне қосылған маңызды үлес екенін айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді