19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогынің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы корт иесін ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен, Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов Болгария сапынан Димитар Кузмановты жеңген. Есеп – 6:4, 6:3. Екінші кездесуде әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик дүниежүзілік рейтингте 569-орында тұрған Янаки Милевты оңай жеңді.
Сосын жұптық сында Қазақстаннан Александр Бублик пен Александр Недовесов болгариялық Александр Донски - Александр Лазаров тандеміне есе жіберіп алды.
Ал төртінші ойында Бублик Димитар Кузмановтың осал тұсын тапты. Жерлесіміз қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары