20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖеневада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (АҚК) кезекті сессиясы қарсаңында Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың назарына демократиялық реформалар туралы толық форматты презентация ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Адам құқықтарын ілгерілету: Қазақстанның трансформациялық реформалары туралы жан-жақты диалог» тақырыбындағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров 2023 жылғы саяси және адам құқықтары реформаларының барысы туралы, сондай-ақ АҚК мүшелігінің соңғы жылындағы ҚР басымдықтары мен жоспарлары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, өткен жылы Қазақстанның АҚК-ге мүше болуының негізгі қорытындыларының бірі «Әрбір бала үшін бейбітшілік пен толеранттылық үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету» атты Қазақстан әзірлеген қарарды қабылдау болды. Қ.Омаров бірлескен авторлар болып, аталған қарарды қолдаған елдерге алғысын білдірді. Барлығы 126 мемлекет бірлескен авторлар болды.
Сонымен қатар, министрдің бірінші орынбасары 2024 жылы АҚК сессияларында гендерлік теңдік және тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою жөніндегі бастамалар ҚР басымдықтары болатынын хабарлады.
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Мемлекет басшысының адам құқықтары саласындағы реформаларын, оның ішінде саяси жүйені орталықсыздандыруды, саяси партияларды тіркеуді оңайлатуды және азаматтардың құқықтарын қорғауды іске асыру нәтижелерін ұсынды. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова ҚР СІМ жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының рөлі туралы айтып берді.
Сонымен қатар, дипломатиялық корпус өкілдері спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Брифинг барысында белгілі қазақстандық дипломат М. Жарбосынова іс-шараға қатысушыларға 2025-2028 жылдарға арналған БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің мүшесі лауазымына кандидат ретінде өзінің бағдарламасын, мақсаттары мен пайымдауларын ұсынды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?