Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДенсаулық сақтаудағы цифрлық технологиялар дәрігерлерге жүктемені біртіндеп азайтуға және көмекші міндеттердің бір бөлігін орта медицина қызметкерлеріне беруге арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мейіргерлердің мейіргерлік практикадағы рөлін кеңейту және күшейту арқылы медициналық көмек процесінде олар белсенді қатысушыларға айналады. Тапсырмаларды беру бойынша бірқатар жаңашылдықтар ағымдағы жылдың наурыз айында шығарылған еліміздегі медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру жөніндегі ҚР ДСМ жаңа стандартымен бекітілді.
Мәселен, бүгінгі таңда орта медицина қызметкерлеріне пациенттерді алдын ала өз бетінше қабылдау, пациенттерді динамикада бақылау және тексеру, өз құзыреті шегінде пациенттердің карталарында медициналық құжаттамалар мен жазбаларды жүргізу сияқты міндеттер жүктелген.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер арқылы дәрігердің тағайындауы бойынша пациенттерге дәрі-дәрмектерге тегін рецепттер жазу, пациенттер ағынын реттеу және сұрыптау, пациенттерді дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазу және тіркеу, үйге шақыруларды тіркеу, сондай-ақ, активтерді қабылдау, тіркеу және беру, МСАК ұйымына бекітуге сұратуларды тіркеу де орта буын жауапкершілігіне берілді.
"Техникалық" жұмысқа уақытты барынша қысқарту пациенттерге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді, бұл медициналық көмекті сапалы көрсетуді айтарлықтай арттырады.
Медицинадағы цифрлық шешімдер дәрігердің күнделікті операциялардан жүктемесін азайту, мәліметтерді толтыру, пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін оның уақытын босату бөлігінде тиімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?