Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФутболдан ұлттық құраманың бас бапкерлігінен кеткен Станислав Черчесовке қанша ақша төленгені қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚФФ мәліметінше, келісімшарт екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылған. Танымал инсайдер Иван Карпов федерация Черчесовке қомақты өтемақы төлейді деп отыр. Инсайдердің мәліметінше, келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін ресейлік маманға 500 мың еуро төленеді.
Черчесовтің жылдық табысы 1,2 миллион еуро екенін ескерсек, оған 5 айдың жалақысы беріледі. Егер бапкер цикл аяқталғанға дейін жұмыс істегенде, онда келісімшарт созылуы мүмкін еді. Алайда Саламұлының нәтижелері бұған жеткізбеді, - делінген мәліметте.
Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында тағайындалып, Қазақстан құрамасын 7 ай 24 күн жаттықтырды. Оның қарамағында құрама 6 матч өткізіп, бір де бір гол соққан жоқ, бес рет жеңіліп, бір ойында тең түсті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?