Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТаиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандастарымыз бес финалда бақ сынап, бір алтын және төрт күміс медальға ие болды.
Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндістандық Хемант Сангванды жеңіп, алтын жүлдегер атанды.
60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек финалда Иран өкілі Али Чигриханиге жол берді.
70 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жұдырықтасқан Бибарыс Әшірбай өзбекстандық Абдулазиз Журакуловка есе жіберді.
80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевтан жеңіліп қалды.
85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Қыстаубай финалда Самир Сабировқа (Өзбекстан) жол берді.
Осылайша, U19 санатында Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар. Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Шілдебай қола иеленген болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?