Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алып, барлығы жеңіске жетті.
Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) италиялық Элен Лучия Аяримен жұдырықтасуға тиіс еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.
Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңді.
Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) өзбекстандық Акмолжол Исроиловтан басым түсті.
Айта кетейік, үшінші орынға Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) ие болды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді