Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан әйелдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы екі матчқа дайындығын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Мадияр Кембілов командасының оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласында өтеді. 28 мамырда Қазақстан құрамасы Арменияға жолға шығады.
Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын толық құраммен бастаған жоқ. Юлия Мясникова, Мария Демидова, Аида Гайстенова мен Анастасия Низамутдинова команда қатарына алдағы күндері қосылады.
Біздің құрама алғашқы ойынын 31 мамырда Арменияға қарсы өткізеді. Алғашқы матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.
Футболдан Қазақстан W құрамасының ойындар күнтізбесі:
31.05.2024
Армения W – Қазақстан W
Армавир стадионы, Армения
4.06.2024
Қазақстан W – Армения W
Орталық стадион, Алматы
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?