Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЭнергетика министрлігінде Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлант аймақтық бюросының директоры Николя Ралло мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесуде тараптар авиация саласын тұрақты дамыту мәселелерін, соның ішінде Қазақстанда тұрақты авиациялық отын SAF (Sustainable Aviation Fuel) өндіру және енгізу перспективаларын талқылады.
Вице-министр атап өткендей, Қазақстан «жасыл» трансформация процесіне белсенді қатысуда, жаңартылатын энергия көздерін және экологиялық тұрақты жобаларды дамытуға баса назар аударып отыр. Тұрақты авиациялық отын өндіру мен дамыту – елдің авиация секторындағы шығарындыларды азайтудың маңызды бөлігі болмақ.
Энергетика министрлігі американдық LanzaJet компаниясымен бірлесіп тұрақты авиациялық отын өндіру жобасын іске асыруға мүдделі.
Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары қысқа мерзім ішінде Jet A-1 маркалы авиаотын өндірісіне көшуге дайын.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта отандық зауыттарда авиаотын өндіру көлемін 2026-2032 жылдар аралығында 1,7 млн тоннаға дейін арттыруды көздейтін ірі жобалар жүзеге асуда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді