Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікРеспублика аумағында бір апта ішінде 2 904 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бір апта ішінде 2 904 қылмыс жасалды, оның 1 788-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 26 тонау және 393 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар ол Жетісу облысындағы автожолдарда «Крис-П» фоторадарлары жұмыс істей бастағанын атап өтті.
«Үш фоторадар жылжымалы кешені жолдардағы бұзушылықтарды тіркейді. Бұл ретте патрульдік полиция қызметкерлері бұзушылықтарды рәсімдемейді. «Крис-П» деректері Бас прокуратураның әкімшілік құқық бұзушылықтар базасын автоматты түрде толықтырады. Полицейлер автокөлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және бірінші кезекте жылдамдық режимін асырмауға шақырады», - деді министрлік өкілі.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер