19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан аумағы арқылы есірткі тасымалдаған Үндістан азаматы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде Қазақстанның көлік полицейлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жолаушылардың бірін ұстады. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.
Тексеру барысында 36 жастағы Үндістан азаматы Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жолға шыққаны анықталды. Күдікті БАӘ-ден Алматы қаласына ұшып келіп, жолаушылар пойызымен Ташкент қаласына бет алған.
Тексеру барысында шетелдік азаматтың сөмкесінен гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта құқық бұзушы Арыс қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған, – деді Б.Малыбаев.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары