Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанда футболдан ішкі жарыстардың барлығы аяқталып, 2027/28 жылғы маусымда ел намысын еурокубоктарда қорғайтын клубтардың толық тізімі белгілі болды.
2026 жылғы маусымда ел чемпионы атанып, Қазақстан кубогын да жеңіп алған «Ордабасының» «алтын дублі» қазақстандық командалардың еурокубоктағы бастапқы кезеңдерін айқындады. Кубок финалында қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтқан шымкенттіктер трофей иеленіп қана қоймай, алматылық «Қайраттың» да еурокубоктағы жолына әсер етті.
«Ордабасы» ҚПЛ-2026 чемпионы ретінде Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Ал Қазақстан кубогының иегеріне тиесілі Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастау құқығы ел вице-чемпионы – алматылық «Қайратқа» берілді.
Қазақстан клубтарының 2027/28 жылғы еурокубоктардағы орны:
Қазақстанның, сондай-ақ УЕФА-ға мүше өзге елдердің еурокубоктағы квотасы қауымдастықтардың коэффициенттер кестесіне сәйкес белгіленеді. Дәл қазір Қазақстан УЕФА-ның соңғы бес жылдық рейтингінде 11,500 ұпаймен 38-орында тұр. Сондықтан еліміздің атынан еурокубоктарда төрт клуб бақ сынай алады: бір команда – Чемпиондар лигасына, үшеуі Конференциялар лигасына қатысады.
Алдағы маусымдарда Еуропа лигасына жолдама алып, еурокубоктердағы квотаны бес клубқа дейін арттыру үшін Қазақстан рейтингте 33-орынға көтерілуі керек. Қазір бұл сатыда 14,416 ұпайы бар Косово тұр.
«Қайрат» үшін екінші іріктеу кезеңінің артықшылығы
«Қайраттың» екінші іріктеу кезеңінен бастауы – команда үшін тиімді мүмкіндік. Себебі клуб соңғы жылдары еурокубоктарда жақсы нәтижелер көрсетіп, клубтық коэффициентін көтерді. Сондықтан жеребе кезінде «себілген» командалар қатарына қосылуы мүмкін. Бұл жағдайда «Қайрат» алғашқы ойындарда турнирдің басты фавориттерімен кездеспейді. Дегенмен екінші кезеңде де алматылық клубқа оңай қарсыластар түсе қоймауы мүмкін. Олардың арасында «Қайрат» бұрын да кездескен, деңгейі жоғары еуропалық командалар болуы ықтимал: Шығыс Еуропа өкілдері, Балтық елдері, Молдова, Болгария, Румыния және Словакия чемпионаттарының кубок иегерлері немесе бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздары. Олардың қатарында «Рига», братиславалық «Слован», «Петрокуб» және «Университатя Крайова» деңгейіндегі командалар болуы мүмкін.
Скандинавия клубтары. Норвегия, Швеция және Дания чемпионаттарының өкілдері. Мысалы, швециялық «Мьельбю» немесе норвегиялық «Бранн» секілді командалар.
Орта деңгейдегі лигалардың өкілдері. Ирландия, Словения, Кипр және Израиль чемпионаттарының күміс және қола жүлдегерлері. Мәселен, кипрлік «Омония» немесе словениялық «Целе».
Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңдеріне арналған жеребе 2027 жылғы маусымда УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде өтеді. Ал екінші іріктеу кезеңінің ойындары 2027 жылғы шілденің соңғы онкүндігіне жоспарланған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар