20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысындағы «Айша бибі» полигонында үздік сержанттарды анықтайтын жыл сайынғы жарыс өтті. Сайысқа Қарулы күштердің барлық түрлерінен, әскер тектерінен және өңірлік қолбасшылықтарынан 90-нан астам сержант қатысты, деп хабарлайды El.kz.
Жарыс түрінде өткен шара сержанттар құрамының дайындық деңгейін нақтылау үшін ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Қатысушылар басшылық құжаттарды білуге сынақтар тапсырып, дене шынықтыру дайындығынан нормативтерді орындады, қоян-қолтық ұрыс техникасын қалай меңгергендерін де көрсетті, кедергілер мен атыс шебі бар екі шақырымдық жолақтан жүріп өтті. Сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар да болды.
– Жарысқа түрлі бағдарламалар енгіздік. Ондағы мақсатымыз – жауынгерлік дайындық үдерісін ұйымдастыра алатын ең сауатты, қабілетті және жан-жақты дайындалған сержанттарды анықтау. Мықты деп танылғандардың басқаларға үлгі боларлықтай, нормативтерді үздік орындайтын, көшбасшылық және шешендік қабілеттері болуы тиіс, –деді Қарулы күштердің Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов.
Сайыстың нәтижелері бойынша теңіз жаяу әскерлері құрамасындағы зениттік дивизионның сержанты 3-сыныпты сержант Ермек Зайлағи абсолютті жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «бригада сержанты», «батальон сержанты», «рота сержанты», «взвод сержанты», «штабтың құрам сержанты», «бөлімше командирі» және «маман-сержант» санаттарындағы үздік әскери қызметшілер анықталды. Әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар ішінде десанттық-шабуылдау әскерлерінің өкілдері барынша дайындалып, кәсіби шеберліктерін көрсетті, екінші орынды «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері еншіледі. Үшінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы иеленді.
Жарыстардың қорытындысы бойынша, сондай-ақ бағынысты жеке құрам арасындағы жауынгерлік даярлық нәтижелері мен әскери тәртіптің жай-күйі ескеріліп, жалпы жеке рейтинг жасалды. Нәтижесінде үздік сержанттар жоғары лауазымдарға ұсынылатын кандидаттар қатарына енгізілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?