10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан дүниежүзілік деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) рейтингісінде 6 позицияға көтерілді. 2020 жылы біздің ел 54-ші орында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2021-2022 жылдар аралығында Қазақстанның жалпы балы деректерді қамту бойынша 57-ден 59-ға, деректердің ашықтығы бойынша 65-тен 68-ге дейін артты. Рейтинг елдің статистикалық ұсыныстарының толықтығын және олардағы ақпараттың халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкестігін бағалайды.
Рейтинг қорытындысы бойынша Сингапур бірінші орынды иеленді, одан кейін Дания мен Финляндия.
Open Data Inventory (BDI) Дүниежүзілік ашық деректер рейтингі Open Data Watch халықаралық коммерциялық емес ұйымы тарапынан әзірленеді. ODIN ашық деректер саясатын ілгерілету, қолжетімділікті жақсарту және Ұлттық статистикалық басқармалар мен деректерді пайдаланушылар арасындағы диалогты ынталандыру үшін ресми статистиканың қолжетімділігі мен ашықтығын бағалайды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді