18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді. Бұл оқиғаның Мемлекет басшысының Италияға ресми сапарымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл Қазақстанның мәдени және табиғи әралуандылығын халықаралық деңгейде көрсетудегі маңызды қадам. Бұл үдеріске «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Alpitour, Neos және ACIK қауымдастығы белсенді түрде қатысты.
Қазақстанның Alpitour каталогына енуі еліміздің мәдениет пен шытырман оқиғалы әуесқойлар үшін туристік бағыт ретінде өсіп келе жатқан танымалдылығын көрсетеді.
Alpitour тобына Италияның жетекші туроператорларының кең тараған желісі (2500-ден астам туристік агенттіктер), Voi Hotels қонақ үйлер желісі және Neos авиакомпаниясы кіреді. Аталған топтың жылдық айналымы 2 миллиард еуродан асады. Alpitour Group құрылымында туроператорлық қызмет маңызды рөл атқарады. 2019 жылы, пандемияға дейін 2,4 млрд еуроға жуық жалпы айналымның 58%, авиациялық қызметтер – 20%, келу туризмі – 18%, қонақ үй менеджменті – 5% болды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр