Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Нұрлан имам оқырманның ат өзгертуге қатысты сұрағына жауап беріп, бала есімін ауыстыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бүгінде есім өзгерту сәнге айналған.
Бүгінде азан шақырылған есімді ауыстыру сәнге айналды. Жалпы есім өзгертуді адам өміріндегі құбылысты бұрылыс деп санауға болады, яғни тағдырды басқа арнаға бұру. Уақытында дұрыс есім берілмесе немесе ұялу ыңғайсыздығы туындаса, есімін өзгерту ықтияры, әрине, дұрыс. Оның өзі қандай жағдайда, мәселен, мұсылман балаға өз дәуірінде қандай да бір халыққа зұлымдығы өткен дінсіздің есімі білместікпен берілсе ғана есімді өзгерту міндет болып табылады, - дейді Нұрлан имам.
Сондай-ақ имам қазақша есімін арабшаға өзгертіп жатқан жандарға үн қатты.
Ал қазіргі қазақи есімдерді өзгерту, оны арабшаға ауыстыру не болмаса арабша тіркемелерді есімнің алды-артына тіркеу, болмаса шетел тіліне ыңғайлау құр ғана әурешілік. Мұсылмандық есімде емес, жүректе, иманда, мінезде!!! Қазақтың көзден, сөзден, тілден қорғаныш есебінде аталған Қиқым, Итаяқ, Жаманбала, Сасықбай т.б. бұл дүниеде есімдерінен, мұсылмандықтан жиренбей, иманмен өткен. Ендеше, өзімізді өзегімізден теппейікші ағайын! - деп жазды ол.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?