Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Business FM» радиосының бас директоры Рустам Мақсұтов қазақ тіліндегі әндер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Радио басшысы әуе толқындарының музыкалық мазмұны жөнінде мәселе көтерді. Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайтыны туралы атап өтті.
Радиостанциялардың, тыңдармандардың өз талғамы бар. Негізі қазақтілді аудиторияға арналған әндер біз ұсынып отырған талаптарға сай бола бермейді. Бұл — мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан бұл біздің форматқа сәйкес келмейді, -дейді радионың бас директоры.
Рустам Мақсұтов бизнес пен экономика саласында қазақ тілінде контент ұсынатындар аз екенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, «Business-FM» радиостанциясы мен Businessfm.kz сайты және MuzzOne телеарнасы Tan Media Group холдингінің құрамына кіреді. Холдингтің акционерлерінің бірі - қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?