Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының 63-жаңа концерттік маусымы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова жаңа маусым түрлі қызықты іс-шараларға және әртүрлі ауқымды жобалар мен концерттерге толы болатынын айтты.
Оқи отырыңыз:
Осы концерттік маусымның ашылуын «Gala opening» деп атадық. Біздің ашылуымыз бір күнге сыймайтын болды. Сондықтан 4 күн бойы өзіміздің концерттік шерулерімізге сүйікті тыңдармандарымызды шақырып, үлкен қуанышты бөлісіп отырмыз, - дейді Ақтоты Рахметоллақызы.
Астанада 2-5 қыркүйек аралығында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шерулері жалғасады.
Бүгін және ертең республикадағы бірінші джаз фестивалі өтеді. Музыкалық кешке Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» РМКҚ «Big Band» оркестрі, «Қостанай қалалық мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ «Джаз Big Band», Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Big Band» жас оркестрі мен солистері және тағы да басқа жас, талантты әншілер қатысады, - деді директор.
Кештің басты қонағы ретінде Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматов пен Өзбекстан мемлекеттік филармониясының солисі Азизбек Исматуллаев шақырылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді