19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Қазақконцерт» әртісі Германияда өткен беделді хореографиялық байқаудың алтын медаліне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды.
Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты екі би нөмірін ұсынды.
800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта кету керек, Аққанат - Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған жалғыз өнерпаз, - делінген мәліметте.
«TANZOLYMP» фестиваль-байқауы – жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық байқаулардың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары