Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солистері мен шығармашылық ұжымы Болгарияда өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, музыкалық іс-шара София қаласының Sofia Balkan Palace сахнасында болды.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахметов, Ардақ Елеусіз, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс пен «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері белгілі қазақ композиторларының күйлерін орындап, қазақ мәдениеті мен өнерін көпшілікке паш етті.
Концерттік бағдарламада «Сарыарқа», «Ана туралы жыр», «Балбырауын», «Ата толғауы», «Адай», «Науысқы», «Кертолғау», «Аққу», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты шығармалар орындалды.
Мәдени шараны Қазақстанның Болгариядағы елшілігі ұйымдастырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді