Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШ. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, тілсіз жау бүгін орын алған.
28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ - шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды, - делінген ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді