20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕркеғали Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың гранд-финалы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Кеште музыка өнерінің палитрасы мен жоғары орындаушылық шеберлік көрсеткен консерваторияның ең үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Симфониялық оркестр, этно-фольклорлық және камералық ансамбльдер, хор және консерваторияның дарынды солистері қазақ композиторларының шығармаларын, әлемдік классика шедеврлерін және біргей ұлттық туындыларды орындады.
Айта кетейік, мерейтойлық марафон аясында 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өнерсүйер қауымға 35-тен астам іс-шара ұсынылды. Атап айтқанда, концерттер, шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер, халықаралық конференциялар мен көрмелер өтті. Оған Қазақстанның және шетелдің жетекші музыканттары, сонымен бірге Қазақстанның халық артисі Айман Мұсаходжаева, ресейлік скрипкашы Назар Кожухарь, дирижерлер Алан Бөрібаев және Абзал Мухитдинов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измайлов және басқалар қатысты. Ал 3 желтоқсан күні өткен Гала-концертте Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері мен түлектері қазіргі заманғы қазақстандық композиторлардың премьералары мен сирек кездесетін классикалық туындыларын ұсынды. Бірегей іс-шараларды 10 мыңнан астам адам тамашалады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?