10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің қаншалықты қарапайым екенін байқауға болатын видеолар таралған еді. Көпшілік оның әлем таныған әйгілі әнші болса да, қазақы қалпы мен қарапайым болмысын сақтап қалғанына ризашылығын білдірген.
«Оян» таңғы бағдарламасында әншінің анасы өз ұлтын сүйетін ұлды тәрбиелеудің құпиясымен бөлісті.
Бойына қарапайымдылықты да, интеллектті де, ұлы талантын да сыйдыра білген қазақтың біртуар ұлын тәрбиелеуде нені ескеру керек? Мен сияқты жас аналарға кеңесіңіз болса.., деп бағдарлама жүргізушісі Светлана Айтбаевадан сұрады.
Светлана Айтбаева бала тәрбиесіне ұлттық танымнан тамыр үзбеу керегін түсіндірді.
Менің ойымша, кез келген бала тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі мықты болуы үшін ұлттық болмысымыздан қол үзбеуіміз керек деп ойлаймын. Яғни, бала кәдімгі қазақы ортада өмір сүруі керек, қазақы ортада тәрбиеленуі керек. Ең алдымен қазақ тілінде сөйлеуі керек. Біздің ұлтымызға тән, қазақы тәрбиеміздің ең мықты, асыл мәйегі деп айтуға болады, ата мен әженің тәрбиесінен қол үзбеу керек. Міне, сол кезде ғана елжанды, ұлтжанды, ел үшін, мемлекет үшін қызмет ететін, жаны да, рухы да қазақылыққа толы, сондай бір жақсы бала болып шығады, - деп жауап берді ол.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді