Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Қазыбек Иса қазақ-француз келіссөзін орыс тілінде жасағаны үшін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат өз сөзінде Алмасадам Сәтқалиев баяндамасын қазақ тілінде оқығаны үшін алғыс айтты.
Сізге рақмет айтайын деп отырмын. Баяндамаңызды мемлекеттік тілде жасадыңыз. Қанат Шарлапаев та шамасы келгенше қазақша сөйледі. Осылай, біздің министлер бірте-бірте өз мемлекетінің тілін үйреніп алады деп үміттеніп отырмыз, - деді депутат.
Қазыбек Иса министрден екі ел арасындағы келіссөздер неліктен үш тілде жасалатынын сұрады.
Қазақстан мен Франция арасындағы келісім шарт екі тілде емес, үш тілде жасалыпты. Яғни, қазақ, француз және орыс тілдерінде. Біздің тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл болды. Бұл жерде орыс тілінің не қажеті бар? Ол тілдің француздарға түк те қажеті жоқ. Сингапурдағы келісімде 3 тілде жасалыпты. Сонда бұл біздің мемлекеттік тіл білмейтін үкімет үшін жасала ма? Бұл қашан тоқтатылады? Екі елдің келісімшартына үшінші елдің не қатысы бар?, деп сұрады депутат.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, құжат қолданушылардың ыңғайлылығы үшін үш тілде жазылған. Келісім шарт қазақ және француз тілдерінде жасалды. Орыс тілі банктер мен халықаралық қаржылық институттар үшін жасалған. Дегенмен алдағы уақытта бұл норманы алып тасталады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді