Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.
Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз, - делінген мәліметте.
Қазақстан мен Словения матчынан соң өткен баспасөз конференциясында тілшілердің бірі Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қоямын деп, мазаққа қалды. Бапкер тілшіге «сен француз тілінде сұраққойып жатсың ба?» деп кемсітіп, французша сөйлей бастады. Бұл жайты қоғам тарапынан наразылық туғызды. Министрлік бұл жағдайға бейжай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдаған болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді