2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр16–20 сәуір аралығында Ресейдің Челябинск қаласындағы «Рифей» олимпиадалық резерв спорт мектебінде конкур (атпен кедергіден өту) спортынан облыстық жарыстар өтті. Бұл додаға Қазақстан құрамасы арнайы қатысып, өз бақтарын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі күнге жалғасқан сайыс барысында спортшылар бірнеше санат бойынша өнер көрсетті:
12–14 жас аралығындағы "Балалар" санаты үшін бұл шетелдегі алғашқы жарыс болды. Соған қарамастан, жас шабандоздар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жарыс талаптарын сәтті орындап шықты.
Жарыс нәтижесі бойынша:
12 – бірінші орын
10 – екінші орын
11 – үшінші орын
Бұл жетістік балалар арасында ат спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ерте жастан халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу техникалық шеберлікті арттырады, сенімділік пен тәртіп қалыптастырады, сондай-ақ жауапкершілік сезімін оятады.
Бүгінде Қазақстанда ат спортының болашағы зор. Жыл сайын бұл спорт түріне қызығатын жастардың саны артып келеді. Аймақтардағы ат спорты мектептері мен клубтарының белсенді жұмысы еліміздің намысын халықаралық ареналарда қорғайтын жаңа буын спортшыларды тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова