Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОмбыда туған қазақ қызы Салтанат Меденова бокстан Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды b1rinshibol басылымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ қызы 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүр. Салтанат Меденова Ресей чемпионатының финалында краснодарлық Анастасия Демурчянды жеңді.
Боксшы қыз Ресейдің бокс федерациясына берген сұхбатында бұл өзі үшін қиын кездесу болғанын атап өтті.
Бұл өте қиын жекпе-жек болды, оның үстіне қарсыласым – әлем чемпионы Анастасия Демурчян. Психологиялық тұрғыда ауыр соқты, бірақ шаршы алаңға шыққан соң жеңілдеп қалдым. Анастасияның менің салмағыма ауысқанына таңғалған жоқпын, себебі оның ауысуды жоспарлап жүргенін естегінмін. Сондықтан кездесуге дайындалып жүрдім. Ресейдің үш дүркін чемпионы атанғанымды әлі сезінген жоқпын. Қазір үйіме оралып, отбасыммен қауышуға асығып отырмын, - деді Меденова Ресейдің бокс федерациясына берген сұхбатында.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді