Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Ойген Шмидт басқаратын ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар талқылауға депутаттар Томас Барайсс, Кристиан Горке, Кристиан Шрайдер, ГФР-дің Қазақстандағы елшісі Моника Иверсен қатысты.
Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз саяси диалогты атап өткен Р. Скляр екіжақты тауар айналымының өсіп келе жатқанына және біздің елімізге тартылған тікелей неміс инвестицияларының ұлғайып жатқанына назар аударды.
Өз кезегінде депутаттар ҚР Үкіметі жанындағы Неміс бизнесімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметін жоғары бағалады және ГФР Бундестагының салалық комитеттерінің желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға үлес қосуға дайын екендерін білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді