Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖасөспірімдер арасындағы QJ League жобасына халықаралық төлем жүйесі саналатын Mastercard қолдау көрсетпек. Бұл туралы QJ League екінші маусымының басталуына арналған баспасөз конференциясында лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз конференцияда QJ League-ның өткен маусымдағы көрсеткіштері мен болашаққа арналған жоспарлары туралы айтылды. Тимур Турловтың мәлімдеуінше, 2025 жылға қарай аталған жарысқа 70-тен астам команда мен 3000 спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстанда футболға, әсіресе өңірлерде үлкен әлеуметтік сұраныс бар. Жаңа маусымда QJ League елдің барлық аймақтарынан командаларды қамтиды. Ал, екі жылдан кейін лигада бірнеше мың жас спортшы болады. Футболда бұл жерде және қазір нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біз 10 жылдан кейін QJ League-ны іске қосудың пайдасын көру үшін негіз қалаймыз, - деді Т.Турлов.
QJ League-ның кезекті әрі екінші маусымы ресми 20 сәуірде басталады. ҚФФ вице-президенті және QJ League президенті Рохус Шохтың баяндауынша, аталған лига аясында қыздар үшін бөлек біріншілік құрылады.
Осы маусымға үлкен жоспарларымыз бар, біз кеңейіп жатырмыз, жаңа жұмыс орындарын ашамыз, жаңа демеушілерді қосамыз және сізді көптеген қызықты нәрселер күтіп тұр. Біздің Лиганы қарап жүріңіз, сіз өкінбейсіз! – деді Рохус Шох.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер