19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп бірден екі түрік клубының назарын аударды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Sports Digitale өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, Әліпке «Трабзонспор» және «Башакшехир» клубтары қызығушылық танытып отыр. Екі клуб та қазақ футболшысын сатып алу жолдарын қарастырып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Бұған дейін «Зенит» Әліп үшін шамамен 5 миллион еуро алғысы келетіні айтылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жазғы маусымда Әліпке бес түрік клубы қызығушылық танытқан. Бұған қазақ футболшыларының енді жергілікті чемпионатта легионер болып саналмауы себеп.
23 жастағы Әліп 2022 жылдың ақпан айынан бастап «Зенит» сапында ойнайды. 2023 жылдың қаңтарында Санкт-Петербург клубы қорғаушыны «Қайраттан» 2 миллион еуроға сатып алды.
Биылғы маусымда Әліп бес матч өткізгенімен, мергендік танытқан жоқ.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары