30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының табысты өнер көрсетуіне орай спортшыларды құттықтады.
Қазақстандық дзюдошылар аралас командалық жарыста топ жарып, Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Бұл нәтиже еліміздің кадеттер арасындағы әлем чемпионатындағы командалық сайыстағы айтулы жетістігі болды.
Жекелеген бәсекелерде де қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.
Жалпы Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола, барлығы 11 медаль еншілеп, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижелердің біріне қол жеткізді.
Мемлекет басшысы жас чемпиондарды жеңісімен құттықтап, олардың спорттағы жолы жарқын болып, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен телефон арқылы сөйлескен. Халықаралық ұйым басшысы Президентті қазақстандық балуандардың жастар арасындағы әлем чемпионатындағы бұрын-соңды болмаған жетістігімен құттықтаған.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі мен ұлттық федерацияға халықаралық ұйым тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдау мен сындарлы ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, мұндай өзара байланыс елімізде дзюдоның кеңінен дамуына серпін беріп отыр.
Қазақстандық жас дзюдошылардың Гуаякильдегі жетістігі ел спортының халықаралық аренадағы әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды