20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекХалықаралық World Boxing федерациясы әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан құрамасының жеті өкілі үздіктер тізімінің көшін бастады. Атап айтқанда, Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға ие болды.
Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін, 2-орын), Виктория Графеева (60 келіге дейін, 3-орын), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары, 3-орын) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін, 2-орын) үздік үштікке енді.
Айта кетейік, рейтингтік ұпайлар 2024 жылғы Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының, Әлем кубогы кезеңдерінің және World Boxing Challenge турнирлерінің нәтижелері бойынша беріледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?