Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен кезекті консулдық консультациялар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Делегациялар басқосуына ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков пен БР СІМ Бас консулдық басқармасының басшысы Андрей Кожан жетекшілік еткен.
Консультациялар барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесу, консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісім-шарттар мен халықаралық конвенциялардың орындалу барысы, цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер қарастырылып отыр.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті Хаттамаға қол қойып, консулдық қатынастардың барлық салалары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ниеттерін растады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді