7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов блогерлердің мобильді аударымдарына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілдері «Блогерлердің көбі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінде ұтыс ойнатып, қайырымдылық қорына ақша жинап жатады. Олардың мобильді аударымдары тексеріле ме?» деп сұрақ қойды.
Аталған сауалға вице-министр мұндай хабарламар тек блогерлерден емес, басқа да азаматтардан жиі түсетінін және жеке азаматтар да көпшіліктен қаражат жинауы мүмкін екенін айтты.
Егер қаражат бір баланың еміне арналатын болса және 100 аударымнан асса, ендігі жылы мәлімет келеді. Сол кезде біз азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер өзіне аударылған аударымдардың мақсатын түсіндіріп беруге тиіс. Жіберілген ақшаның реквизитін, кәсіпкерлік мақсатта емес екенін дәлелдесе, тұлғаға қатысты сұрақ туындамайды. Кім ақша жинайды, сол адам өзінің не үшін жинап жатқанын нақты білуі тиіс, – деді Ержан Біржанов.
Біржановтың айтуынша, егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, оның міндеттемелері пайда болады. Ал қайырымдылық жағдайы, туыстарына аударым жасаса, ешқандай сұрақ туындамайтынын атап өтті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?