20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қайсар» футбол клубы жаңа маусымға қатысатын ойыншыларын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл команда құрамында 25 футболшы өнер көрсетсе, оның 11-і «Қайсар» сапына жаңадан қосылған. Қатарға жаңа қосылған футболшылар сапында Қазақстан құрамасына кандидат футболшылар Думан Нәрзілдаев, Айбар Жақсылықов, Тоқтар Жаңғылышбайлар бар.
Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов жанкүйерлерге аймақ басшысыныі құттықтауын жеткізіп, футболшыларға жейде табыстау рәсіміне қатысты.
Жиында бас бапкер Виктор Кумыков жаңа маусымда жанкүйерлерді барынша қуантуға тырысатынын жеткізді.
«Қайсар» футбол клубына қайта тағайындалғаныма қуаныштымын. Команда құрамындағы футболшылармен бірге әрдайым жеңіске ұмтыламыз. Жоғары жауапкершілікті сезінемін, – деді бас бапкер.
Кезекті ел біріншілігіне Қызылорданың «Қайсары» тыңғылықты дайындалды. Түркияда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Еуропаның 13 командасымен шеберлік байқасты.
Айта кетейік, «Қайсар» Қазақстан чемпионатының - турын 1 наурызда «Ақтөбемен» кездеседі. Матч Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда өтеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?