20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден тағы бір спортшымыз финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтсақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Қайсар Алпысбай үш қарсыласын жеңді. Алдымен Малайзиядан келген спортшыны 5:3 есебімен, ширек финалда таиландтық каратэшіні 8:3 есебімен жеңді. Жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраға мүмкіндік қалдырған жоқ (12:3).
Енді финалда Кувейт спортшысымен кездеседі.
Айта кетейік, кеше 75 келі салмақтағы Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанған болатын.
Ал әйелдер арасында 68 келі салмақта өнер көрсеткен Лаура Әліқұл күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?