29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарған, ал соңғы уақытта клуб академиясын басқарған Кирилл Кекер 46 жасында дүние салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кекер алматылық команданың негізгі құрамын 2022-2024 жылдары жаттықтырған. Одан кейін 2024 жылдың соңына дейін «Ордабасының» тізгінін ұстаған еді.
2025 жылдан бастап ол «Қайрат» академиясының жұмысына жауапты болып, сонымен бірге Қазақстанның U-19 құрамасымен қызметін жалғастырып келген.
Бұл біз үшін өте ауыр қайғылы жағдай. Он жылдан астам уақыт бойы «Қайрат» құрылымында еңбек етіп, қазақ футболының дамуына зор үлес қосқан маманнан айырылу - үлкен қасірет. Кирилл Сергеевич кәсіби, әділ және талапшыл бапкер ретінде есте қалады. «Қайрат» футбол клубы марқұмның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтады, - делінген клубтың ресми хабарламасында.
Еске сала кетейік, 18 қараша күні Кирилл Кекердің жетекшілігімен Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, элиталық раундқа жолдама алған еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек